Алматыда 8 жастар комьюнити орталығы ашылды

Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін әр ауданда екіден жалпы 16 жастар комьюнити орталығын іске қосу жоспарланған, олардың 8-і жұмысын бастады.

Әрбір комьюнити орталық креативті қоғамдық кеңістікті құрайды. Мұнда жастарды қолдау үшін қажеттінің бәрі бір жерде жинақталған: бұл әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET жастарын қысқа мерзімді курстар арқылы өзекті мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру.

Комьюнити орталықтар жастарды қызығушылықтарына қарай біріктіре отырып, бойындағы күш жігері мен әлеуетін өзіне, тиісінше қоғамға пайдасын тигізуге бағыттау.

Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 680 мыңға жуық жас тұрады. Оның 7,3% жұмыспен немесе оқумен қамтылмаған, яғни NEET жастары.

Жастар саясатының басты мақсаты – әрбір жас алматылыққа қоғамда өз әлеуетін іске асыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға көмектесу. Ал комьюнити орталықтар жастарды әлеуметтендірудің маңызды құралы болуға бағытталған.

 Бұл жұмыс қазірдің өзінде алғашқы нәтижелерін берді. Егер 2023 жылдың басында NEET жастардың үлесі 8,3%  құраса, қазір бұл көрсеткіш 1% — ға төмендеді.

Айта кету керек, 2025 жылдың соңына дейін қаламызда тағы 8 комьюнити орталық ашу жоспарланған.

Комьюнити орталықтардың қызметтері

  • қысқа мерзімді курстар арқылы өзекті мамандықтарға оқыту;
  • жұмысқа орналастыру;
  • әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру;
  • психологиялық  және заңгерлік көмек;
  • кәсіби бағдар беру;
  • қазақ тілін үйрену курсы;
  • қаржылық сауаттылық;
  • мәдени іс-шаралар өткізу;
  • би залы;
  • дауыс жазу студиясы;
  • Тик-ток аймағы.

Комьюнити орталықтардың мекенжайы

Әуезов ауданы – Мамыр-1 ы/а, 26/1;

Алатау ауданы – Саялы ы/а, 71;

Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, 36;

Алмалы ауданы – Байтұрсынов көшесі, 22/1;

Түрксіб ауданы – Жас Қанат ы/а, 1/49;

Бостандық ауданы – Абай даңғылы, 164  «Терракота» ТК;

Жетісу ауданы – Боткин көшесі, 20;

Наурызбай ауданы – Шұғыла ы/а, 343/7.

Комьюнити орталықтардың байланыс телефондары

  1. Алатау ауданы: +7 707 168 1028;
  2. Алмалы ауданы: +7 777 122 8901;
  3. Әуезов ауданы: +7 707 556 7861;
  4. Бостандық ауданы: +7 775 583 8015;
  5. Жетісу ауданы: +7 708 334 4539;
  6. Түрксіб ауданы: +7 708 390 1363;
  7. Наурызбай ауданы: +7 707 663 6949;
  8. Медеу ауданы: +7 707 571 7104.

Комьюнити орталықтардың жұмыс уақыты

Дүйсенбі – жексенбі, демалыссыз

Уақыты: 10.00-ден 19.00-ге дейін.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...