09.01.2024 ж. Бостандық аудандық прокуратурасының бастамасымен Бостандық ауданының пробация есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша Бостандық ауданының прокурорының, Бостандық ауданының әкімінің, «Алматы қаласы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің директорының м.а. және Бостандық аудандық пробация қызметі бөлімі бастығының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Алматы қаласы Бостандық аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға, алимент бойынша борышкерлерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және оларды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларда өзара ынтымақтасу мәселелері қозғалды.
Ведомствоаралық кеңестің қорытындысы бойынша, Бостандық ауданының прокуратурасы, Бостандық ауданының әкімі, «Алматы қаласы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ және Бостандық ауданының пробация қызметі арасында ауданның пробация есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті Бостандық аудандық ПҚ бөлімінің инспекторы әділет подполковнигі
М. М. Тәтімова


