Алматы облысында колонияға ішімдік лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеменің қызметкерлері алкогольды ішімдіктерді колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан скотчпен оралған 7 дана түйіншек анықталды. Ішінен көлемі 0.5 литрлік 7 дана спирт иісі бар сұйықтыққа толы бөтелкелер тәркіленді.

«Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді»,- деп атап өтті, ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...