СУҒА ЖАУАПТЫ МИНИСТРДІҢ ҚИМЫЛДАЙТЫН КЕЗІ КЕЛДІ

Елімізде су босқа рәсуа болып жатыр. Соңғы жылдары 4 миллиард су еш кәдеге жаратылмай далаға кетіп, далаға кеткен судың көлемі 48 пайызға өскен. Әсіресе, ескі каналдар мен тозған желілердегі судың шығыны орасан зор. Ал, БҰҰ Даму бағдарламасының ақпаратына сүйенетін болсақ, Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 2030 жылға қарай жылына 75 текше шақырымға дейін қысқаруы мүмкін. Сырттан келетін су ағыны да азая түсуде. Соған қарамастан басқа елдермен салыстырғанда бізде суды үнемдейтін технологияларды қолдануға ұмтылыс төмен.

Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жекелеген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша су ресурстарының басқарылу тиімділігін талдау» тақырыбында өткен есепте белгілі болды. Жиында баяндама жасаған ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Н. Годунованың айтуынша, осы әдісті кеңінен қолдану арқылы ауылшаруашылығында су шығынын азайтар едік. Мұндай жағдайда трансшекаралық өзендердің сыртқа ағынның тапшылығы айтарлықтай әсер ете алмайды. Алайда 2022 жылы жүргізілген аудит барысында оңтүстік өңірде су үнемдеу технологиялары тек 68 мың гектарға немесе барлық суармалы алқаптың 5 пайызына ғана енгізілгені анықталды. Тіпті, осының өзі жылына 0,2 текше шақырым үнемдеуге мүмкіндік берді. Су саласына елімізде аз қаржы жұмсалып жатқан жоқ. Аудит шеңберіне шамамен 68 млрд теңге бюджет қаражаты және 693 млрд теңге активтер қамтылғанын ескерсек, мәселе соншалықты өзекті болуға тиісті емес еді. Алайда, салада айналып жүрген ақшаның қомақтылығына қарамастан судың түйткілі аз болмай тұр. Соның бірі – су шаруашылығы нысандары әбден тозып, кейбірі апатты жағдайға жеткен. Әлі де каналдар ескірген технологиялар бойынша жобаланып, салынып жатыр. Мысалы, Жамбыл облысында 16 жер каналын реконструкциялау жобасы сапасыз жасалуы, сондай-ақ судың түбі мен беткейлерінің шайылуы себебінен тоқтатылды. Бұл жобаға түзетулер енгізіліп, оның қымбаттауына әкеп соқтырды. Салдарынан 1,1 млрд теңге сомасына орындалған жұмыстардың 50 пайызы далаға кетті. Тарифтік саясаттың жетілмеуі де бұл салаға ауыр соғып отыр екен. Бүгінде Қазақстан жан басына шаққандағы тұтынылатын су көлемі бойынша Global Water Use мониторингіне енгізілген 179 елдің ішінде 11-ші орында тұр. Сарапшылар мұны тарифтердің төмендігі және тұтынушылардың суды үнемдеуге деген ынтасының жо қ т ы ғ ы м е н б а й л а н ы с т ы р а д ы . Уәкілетті орган мәлімдегеннен екі есе төмен бекітілген 2018–2023 жылдарға арналған төмен тариф саладағы қаржылық жағдайдың нашарлауына әсер етті. Бұл жаңа инфрақұрылымның құрылысына инвестиция салу былай тұрсын, қолда бар инфрақұрылымды тиісті жағдайда күтіп-ұстауға, өндірістік жұмыскерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік бермейді. Мұның ақыры білікті кадрлардың тапшылығы және техникалық мамандардың жаппай кетуіне әкеліп отыр. Су саласындағы кадрларды қолданыстағы оқу бағдарламасымен даярлау заман талабына сай емес. Сонымен қатар, гидротехникалық құрылыстарды жобалау және пайдалану саласында – инженер-гидротехниктер, инженер-гидромелиораторлар жетіспейді. Халықаралық қарыздар жобаларын іске асыру үнемі тиімді болып жатқан жоқ. Жоғары аудиторлық палата аудит жүргізу кезінде 5 жылда жобалардың тек 29 пайызы тапсырылғанын, 61 пайызының әлі іске асырылып жатқанын, 610 пайызының тіпті әлі басталмағанын анықтады. Себептері әдеттегідей, жобалау және жосықсыз мердігерлер.Ұлттық валюта бағамы төмендеген жағдайда қабылданған міндеттемелердің ұлғаю қаупі бар, өйткені қарыздар доллармен алынған. Ең таңғаларлығы осынша олқылықтар орын алған су саласында бағдарламалық құжат жоқ және су саласын дамытатын нормативтік-құқықтық база жетілдірілмеген. Су ресурстарын басқарудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту созылып кетті. Мемлекет басшысының 2022 жылғы ақпанда берген тапсырмасына қарамастан, кодекс осы уақытқа дейін қабылданбаған. Мұның бәрі саланы басқару тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Елімізде жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаны белгілі.Бұл құзырлы орынның әзірге қандай жұмыспен айналысып жатқаны белгісіз. Басқаны айтпағанда құзырлы орын салаға қажетті мамандар санына талдау жасай алмай отыр. Жиында сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин эколог-ғалым ретінде бұл жағдайдың салдарын айтып, үрейлендіріп қойды. Оның айтуынша, 17 жылдан кейін еліміздің көп өңірлері сусыз қалуы әбден мүмкін. Ал, біз алдағы бес жылдықта еліміздің ішкі жалпы өнімін екі есеге өсіруді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін өндіріс дамуы қажет болса, оған қажетті ресурстың бірі – су. Қазір кәсіпорындар су ресурстарымыздың 28 пайызын тұтынса, алдағы 5 жылда бұл көрсеткіш кемі 1,5 – 2 есеге өсетіні анық. Сондықтан, өндірісте суды қайта пайдалану мәселесін заңмен шегелеп, міндеттеу керек. Өйткені, бұл шараны бүгінде өндірістік кәсіпорындардың тек 30 пайызы ғана жүзеге асырып отыр. Бір ғана мысал, көліктерді жуатын нысандарда суды екінші рет кәдеге жарату жоқ. Олардың көбі ауыз суды ысырап етуде. Тасқын, ерінді қар, жауын-шашын ішкі су қорымыз болса, олардың бәрі қазір босқа далаға кетіп жатыр. Ал, Қытай, Аргентина, Бразилия, Араб пен Таяу Шығыс елдерінің көбінде жауын-шашынның әрбір тамшысын мүмкіндігінше ішуге де, өндіріске де пайдаланады. Мысалы, Германияның Франкфурт аэропорты жауын суын пайдалану жүйесі арқылы жылына бір миллион куб суды үнемдейді. Сонымен қатар кәріз, ағынды лас суларды да Сингапур сияқты елдер 100 пайыз қайта өңдеп, тіпті ауыз суға пайдаланады. Ал, бұл көрсеткіш небәрі 2,5 пайызды құрайды. Еділ Терекбайұлы назар аудартқан мәселенің бірі Каспий теңізінің тартылуы болды. Оның айтуынша, кейбір жағалаулар 3-4 шақырымға шегінген. Сондықтан көрші мемлекеттермен бірге кешенді зерттеулер жүргізіп, жағдайдың нақты себептерін анықтау қажет. Каспийді жоғалтсақ, елдің әлеуметтік экономикасы былай тұрсын, Арал теңізінің тағдыры қайталанып,мұның соңы планетарлық масштабтағы экологиялық апатқа алып келеді. Депутат Қарақат Әбден жер асты суларының зияндануы мен оның үнемделмей пайдаланылуына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, жер асты суларын басқаруда да кемшіліктер бар. Шын мәнінде су қорларының бірі – жер асты сулары. Бірақ оның қоры жөніндегі мәлімет Кеңес Одағы тарағаннан бері жаңармаған. Тоқетерін айтқанда, суды үнемдеу ұлттық идеяға айналуы керек. Бұл тұрғыда басқару ісінің тиімділігі шешуші фактор екені белгілі болып тұр. Жаңа миистрлікке лайықты мамандардың топтасуына мүдделілік қажет.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады