Патрульдік көліктен түк қалмады: Алматыда жол апатынан полицейлер зардап шекті

Алматыда Достық пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Алматы полиция департаменті өкілдері істің мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 14 қаңтарда сағат 16:10-да Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта, Достық даңғылының қиылысында болған. Toyota автокөлігінің жүргізушісі С. есімді ер адам есін жоғалтып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. 

«Одан әрі Toyota инерция арқылы тоқтап тұрған Chevrolet патрульдік көлікпен соқтығысты. Зардап шеккендерге — Toyota көлігінің жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді», — деп хабарлады полиция.

Басқа мән-жайлар анықталып жатыр. Видеода бір көліктің аударылып, ал патруль көлігінің қатты зақымданғаны көрінеді. 

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...