«Астаналық колонияда өрт-техникалық сабақ өткізілді»

Мекеме мен «Байқоңыр» ауданының ТЖД бірлескен жоспарын орындау мақсатында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің N°3 мекемесінде N°7 ӨСБ-мен «Өрт туындаған кезде жеке құрамның әрекеті» тақырыбында бірлескен өрт-техникалық сабақ өткізілді. Оку-жаттығу басталар алдында ТЖД қызметкерлері өрт туындаған жағдайда жеке құрамның іс-әрекеттеріне нұскау берді. Бұл оқу-жаттығудың негізгі мақсаты жауапкершілікті арттыру және жұмыс орындарында жеке құрамның қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете білу болып табылады.

Оқу-жаттығу әкімшілік ғимаратында өтті, мекеме қызметкерлерінің әрекеттері тексерілді.  20 минут ішінде өрт оқшауланып, сөндірілді.  Әкімшілік ғимаратындағы барлық қызметкерлер уақытылы эвакуацияланды.  Сонымен, қатар мекеменің өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкер отпен жұмыс істеудің жоғары шеберлігін көрсетті. Өткізілген іс-шараның соңында ТЖД қызметкерлері мен мекеме басшылығы өткізілген тактикалық-жаттығуларына «өте жақсы» деген баға берді.

«Мекеме қызметкерлері өткізілген іс-шараға байыпты карағанын атап өткім келеді. Өйткені әрбір қызметкер күнделікті өмірде осындай жағдайға тап болуы мүмкін екенін түсінді.» — деді мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Азамат Мурзабекович Жолдасбеков.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...