САРАПШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СҰХБАТЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕЗИСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

2024 жылғы 8 қаңтарда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына арналған «XXI ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел форматында сараптамалық талқылау өткізілді. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы болды.

Құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп және Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы Әлмұханов сөйледі. Сондай-ақ Мемлекет тарихы институтының директоры PhD Нұрбек Серікұлы Пұсырманов және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Ермек Бауыржанұлы Тоқтаров баяндама жасады.

Дөңгелек үстел аясында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар (Шейбандар, Шайбақтар) Әулеті (Ібір-сібір, Дешті-қыпшақ, Мәуереннахр аймақтарында)» халықаралық зерттеу тобының ұжымдық монографиясының (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан) салтанатты тұсаукесері өтті. Монографияда жоба аясында зерттеу тақырыбына қатысты анықталған және тарих ғылымында бұрын қолданылмаған жаңа еңбектер, мұрағаттық құжаттар, карталар мен иллюстрациялар қамтылған.

Іс-шараға ҚР Парламентінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылыми-сарапшылық ұйым қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері, Астана қаласындағы ЖОО ғалымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...