Алматы облысының колониясына телефонды шұжық ішіне тығып өткізбек болды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №12 барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды. Телефонды шұжықтың ішіне жасырған ер адам, оларды бандероль арқылы жіберді.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден ішінен шыққан «MI» маркалы қара ұялы телефон тәркіленді.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша материал жиналып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...