Алматы облысы түрмелерінде жұмысқа орналасқан сотталғандар Жаңа жылды атап өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №10 мекемесінде жұмыс істеп жүрген сотталған әйелдердің жұмыс орындарында мереке атап өтілді.
Тағдырдың талқысына төтеп беріп жүрген нәзік жандылардың көңілін көтеру мақсатында, мерекелік іс-шараны сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі мен мекеме ішіндегі Кәсіптік-техникалық колледж мұғалімдері бірлесіп ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңындағы осындай көңілді мереке №57 мекемесінде де салтанатты түрде тойланды. Мерекенің мазмұнды өтуіне атсалысқан ұйымдастырушылар мен «Еңбек-Жауғашты» филиалының №3 учаскесі өндірістік аумағында жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары сотталғандар ортасына Аяз ата мен Ақшақарды шақырып, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырды.

Сондай-ақ сотталғандар Жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Алматы облысындағы сотталғандарға көрсетілген мұндай ықылас, олардың көңілін көтеріп қана қойған жоқ, келе жатқан 2024 жыл – Ұлу жылында елеулі жетістікке жетуге деген ықыластырын арттырып, жаңа серпін берді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...