Департамент бастығы қызметкерлерге мерекелік тарту жасады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы мен Қылмыстық-атқару жүйесіне еңбегі сіңген ардагерлер №60 мекемесінің қызметкерлері мен Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің әскерлері мен қызметкерлерін келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтады.

«Жаңа Жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа Жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін. Жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеймін. Шаңырақтарыңызда ырыс — береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Қиыны мен қызығы қатар жүрген бұл салада абыройларыңыз артып, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр тілеймін»,- деді полковник Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Сонымен қатар түңгі ауысымдағы қызметкерлерге мерекелік тарту ұсынып, қызметте абыройлы еңбек етіп, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілеп, Жаңа жылда жақсы нәтижеге қол жеткізетіндеріне сенімділігін білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Жаңа Азаматтық кодекс – құқықтық жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи...

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Ата-ана құқықтарын шектеу – ең алдымен баланың мүддесін қорғауға...

Денсаулық – басты құндылық: №68 мекемеде вакцинация жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке...

Упор – на ранее выявление

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА ПРЕСТУПЛЕНИЯ СОВЕРШИЛИ ОКОЛО СЕМИ ТЫСЯЧ...

Аллея генералов

В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. МАКАНА ЕСБУЛАТОВА СОСТОЯЛОСЬ...