Панкратионнан әлем чемпионы Астана қаласының ТИЗО-ға келді

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде,

Панкратион бойынша әлем чемпионы, NFS лигасының екі дүркін әлем чемпионы Ильдар Құдайбергенов ҚР ІІМ ҚАЖК № 64 мекемесіне барып, шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандармен үлкен жеңіске жетудің қиын жолы туралы өз тарихымен бөлісті. Мен осы жолдан өттім, бірақ менің отбасым мені үйде күтіп тұр деген ойлар маған күш пен шыдамдылық берді. Көптеген адамдар егер адам бас бостандығынан айыру орындарында болса, онда ол қайтадан оралады деп ойлайды, менде керісінше дәлелдеуге ниет болды. Мен көп жаттығып, өзімді  спортта жетістікке жетуді мақсат еттім, көптеген адамдар қателескенін осы ісіммен  дәлелдедім. Үмітіңізді үзбеңіз, өмірді қайта бастауға ешқашан кеш емес. Қиындықтар тек қатайтады, бірақ ешқандай жағдайда бұзылмайды», – деді ол. Сотталғандар ильдарды қуана тыңдап, оған сұрақтар қойды. «Мұндай кездесулер сотталғандардың мінез – құлқына оң әсер етеді», — деп атап өтті Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Қанат Керімбайұлы Рахимов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...