Алматылық волонтерлер  «Медеу» мұз айдынында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған  тегін коньки тебу кешін өткізді.

Алматы қаласы Волонтерлер фронт-офисі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, балаларды сергіту және олармен қызықты уақыт өткізу мақсатында  «Медеу» мұз айдынында тегін коньки тебу кешін ұйымдастырды. Шараға «Жанұя» жетім балаларға арналған мамандандырылған кешеннің 70-ке жуық тәрбиеленушілері қатысты. Волонтерлер балаларға «Медеу» мұз айдынына тегін кірумен қатар, тіскебасарлар мен сусындар ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша балаларға арналған осындай шара алдағы уақытта жалғасын табады.

— Бүгінгі іс-шара арқылы біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, көңіл күйлерін көтергіміз келді. Сондай-ақ алдағы уақытта жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жаңа жылмен құттықтап,  қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, деді сөзінде Алматы қаласы Волонтерлер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Іс-шара соңында тәрбиеленушілердің қуанышында шек болмады. Балалар үйінің тәрбиешілері өз кезегінде волонтерлерге мейірімді жүректері мен қамқорлықтары үшін шынайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, аталмыш шарада балалардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, қауіпсіздігі  үшін «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорынан  20-ға жуық ерікті тартылды.

«Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті

2026 жылғы 25–27 маусым аралығында республика көлемінде «Пробация» республикалық...

Почему люди верят фейкам?

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ПРЕВРАТИЛИСЬ ИЗ ПЛОЩАДОК ДЛЯ...

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...

Верность профессии

В Алматинском городском суде по случаю выхода в почетную...

 В «серой» зоне 

НОВОСТЬ ОБ ОЧЕРЕДНОЙ БЛОКИРОВКЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСА И ЗАКРЫТИИ САЙТА «КЫЗДАР....