Жол көлік қозғалысының ережелері қатаң сақталуы тиіс

    Бүгінде көлік құралдары адамзат тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналып, оған деген сұраныстың арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың саны жыл сайын артып отырғанын байқауға болады.

   Бұл жайт көбіне жолдардағы көлік қозғалысының ұлғаюына байланысты. Дегенмен көлік басқару барысында, жол көлік оқиғасына ұшырау тәуекелі әрдайым баршылық. Оның көптеген себептері ретінде, жүргізушінің рульді басқару кезіндегі ахуалы, сондай-ақ, оған тәуелсіз жағдаяттар түрткі болуы мүмкін, мысалы, тәулік мезгілі, жүретін жол немесе жол жүрудің өзге қатысушысы. Сонымен қатар, ауа райы факторы өз ықпалын тигізуде. Бірақ ең бастысы бұл-адами фактор. Әрине, жол-көлік оқиғасы қасақана жасалмайды, дегенмен жүргізушілер жол ережесін сақтамай, өздерінің қателіктерінен апатқа ұшырап жатады.

   Жылына көлік апатының салдарынан көптеген адам зардап шегіп, қазаға ұшырап отыр. Одан бөлек, жыл сайын жұмысқа қабілетті жастағы адамдар жол апаты салдарынан әртүрлі жарақат алады.

   Ал, сот тәжірибесіне келер болсақ, жол қозғалысы ережелерін бұзу көбінесе жылдамдықты белгіленген нормадан арттыру, басып озу және жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзылуы, жолдың қарсы бетіне шығу, бағдаршам белгілеріне бағынбау. Жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы адамдардың денсаулығына зиян келтіруге көлік құралдының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылықтар      Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттардың соттылығына жатады.

   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген.

    Ақтөбе қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотымен жол көлік оқиғасына қатысты 2022 жылы 2862 іс қаралған, ал 2023 жылы жол көлік оқиғасына қатысты 4530 іс қаралған.  Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда  жол көлік оқиғасының 58 % артқанын көрсетеді.

   Ағымдағы жылда жол көлік оқиғасы бойынша азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол, 2023 жылы 8 қарашада шамамен 11 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында, Т-деген азамат «Газ 3302» тіркеу номері 596 АА 04 көлік құралын басқару барысында, қозғалысқа жүргізуші анықтай алатындай кедергі немесе қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе кедергіні айналып өтуге шаралар қолданбай, азаматша К-ның басқаруындағы «Subaru Outback» тіркеу номері 587 KYA 04 көлік құралымен соқтығысқан. Нәтижесінде көлік құралдарының бүлінуіне алып келіп, азаматша К-ға материалдық залал келтірілген.

   Сот істің нақты мән-жайларын ескере отырып, азамат Т-ны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған  20-айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 69 000 (алпыс тоғыз мың) теңге әкімшілік айыппұл салынды.

   Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу тек құзырлы органдардың жұмысы емес. Бұл бүкіл ел болып атсалысатын, қоғам болып ойланатын іс.

   Жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру мен реттеу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету — бұл қазақстандықтардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің міндетті шарты. Экономика салаларының көпшілігі жол және көліксіз өмір сүре алмайды, азаматтардың тіршілік көзін шектеп қоймай, елеулі экономикалық шығынға ұшыратып, халықтың наразылығының артуына әкеледі.

   Сол себепті, жол қауіпсіздігі — Қазақстан үшін ең маңызды әлеуметтік-экономикалық және демографиялық мәселелердің бірі.

Д.Хамиев, Ақтөбе қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының судьясы                                                                           

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...