ШҚО-да мүгедек сотталғандарға жаңа жылға сыйлық берілді

Мекемеде бүгінгі күнде 20-ға жуық 3 ші топ мүгедек сотталғандар жазасын өтеп жатыр. Бүгінде мүгедек адамдарға көмек көрсетіп жатқандар да аз емес. Өз тараптарынан оларға мекемеде бірге жазасын өтеп жатқан сотталғандар қол ұшын берсе, қызметкерлер олардың жағдайларын жақсартуға тырысуда. Тәрбие бөлімінің қызметкерлері «Шығыс Қазақстан облысының зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға «SARA» оқу машинасын жаңа жылға сыйға тартты. Бұл машина көмегімен жазасын өтеп жатқан мүгедек сотталғандар журналдар, газеттер немесе кітаптарды немесе мәтіндерді дауыстап оқитын болады. Бұл аппарат синтезделген сөйлеуді пайдаланып мәтінді сканерлеу, тану және дыбыстау принципі бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, мониторға қосылған кезде ол бұрыннан танылған мәтінді мониторда көрсетеді және қосымша функцияларға ие: яғни әріп өлшемін ұлғайту, мәтін мен фон түсін өзгерту, оқу кезінде әріптер арасындағы қашықтықты арттыру және сөздерді бөлектеу мүмкіндігі бар. Құрылғыны пайдалану өте оңай. Мүгедек сотталғандарға өте қажетті құрылғы, — деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Арман Катанов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...