Батыс Қазақстанда балаларға арналған Президенттік шырша мерекесі өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен облыстың әр аумақтарынан келген бүлдіршіндерге арналған Президенттік шырша мерекесі өтті.

Жаңа жылдық мерекеге облыстың әр өңірінен оқу озаттары, аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндер мен мүгедек балалар, көпбалалы жанұядан шыққан жасөспірімдер қатысты. Аталған іс-шараға жалпы саны 200 бала қатысты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев балаларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

“Қасым-Жомарт Кемелұлы баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін, сендер секілді жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Яғни балалар мен жасөспірімдер үшін жайлы балабақшалар, заманауи мектептер салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайлары және спорт кешендері ашылуда. Алдағы уақытта да көптеген жаңа жобалар қолға алынады. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жалғасын табады”- деді облыс басшысы.

Бұдан кейін облыс әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға сыйлықтар табыстады.

Облыстың әр өңірінен жиналған оқушылар мен жасөспірімдерге театрландырылған қойылымдар, цирк өнерпаздарының бағдарламалары мен хореографиялық композициялар көрсетіліп, соңынан бүлдіршіндер облыс әкімімен естелік суретке түсті.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...