Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 19-29 аралығында Алматы облысында «Есірткі» атты жедел профилактикалық іс-шара өтуде.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №57 мекемесінде қызмет өткерудің күшейтілген нысан кезінде ҚАЖ және Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 3660 Ұлттық ұлан қызметі бірлескен жұмыс атқарды.
Іс-шара барысында сотталғандарға арналған мекемеге келіп түскен сәлем-сауқатпен бандерольдар арнайы қызметтік иттерді пайдаланылып тексерілді.
ҚАЖ мекемелерінде өткізілетін осындай іс-шаралар сотталғандарға тыйым салынған заттардың, сонымен қатар, есірткі заттардың мекеме аумағына кірмеуінің алдын-алуы болып табылады.
Жұмыс барысында есірткі заттар анықталмаған, іс-шара жалғасуда.


