12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады

Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Сот отырысының хатшысы еңбек пен атқару тәртібін бұзғаны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамағаны үшін, өзінің қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, ішкі еңбек тәртібінің ережесін, қауіпсіздік техникасы мен өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ, заңға қарсы өзге де әрекеттер жасағаны (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.

Сот отырысының хатшысы өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың әрекеттерi мен шешiмдерiн, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтiнiшхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға; сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгiленген мерзiмде дайындауға; төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда заңда көзделген жауаптылықта болады.

Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай көрінуі мүмкін. Бір қарағанда сот отырысының хатшылары тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жасап, іс құжаттарын реттеп отыратын жай ғана маман сияқты. Бірақ, шын мәнісінде сот отырысы хатшысының міндеті мұнымен шектелмейді. Сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтарымен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады.

Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Бұрын құжат айналымы, хаттамаларды толтыру қолмен рәсімделіп, кейіннен жазу машинкасында терілетін болса, бүгінде бұл жұмыста ілгерілеу бар, қазір сот отырысының барысы дыбыс-бейне жазба арқылы жазылып дайындалады.

Сондай-ақ, іс материалдарын сот отырысында қарауға дайындаумен айналысады, хабарламаларды, шақыру қағаздарын, смс-хабарламаларды процеске қатысушылар мен тараптарға жібереді. Сонымен қатар, ол процеске қатысушы адамдардың келуін де қамтамасыз етеді. Бұған қоса ол өзі сот отырысына қатысады және сот отырысының хаттамасын жүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерін заңнама талаптарына сәйкес ресімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады.

Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот отырысы хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері де ішінара өзгеріп отырады. Десек те, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарауы қажет. Оның бірден көзге көріне қоймайтын бейнеті көп жұмысы хатшыдан тиянақтылықты, өз ісін беріле атқаруды талап етеді.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.

Сот отырысының хатшысы сот жүйесінде маңызды орын екендігіне талас жоқ.

Гульмаржан Дощанова,

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің

бас маманы-сот отырысының хатшысы

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....