12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ардагерлер арасында ақыл-ой аламаны – шахматтан жарыс өтті

Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталінде ем қабылдаушы ардагерлер спорттық жарыстарға деген ептілігі мен ой сергектігін танытты. Көңілі кеніш ардагерлеріміз ақыл аламанында бақ сынап, шахмат тақтасында алымды қадам, терең пайым және айрықша алғырлығымен көзге түсті.
Шахмат ойына қатысқан азаматтар өнімді уақыт өткізіп қана қоймай, госпиталь өміріне сән қосып, спортты серік еткендерін көпшілікке танытты.
Сайыс нәтижесі бойынша «Терапия» бөлімінде ем қабылдаушы ардақты ардагеріміз К.О Ждартыбаев бас жүлдені қанжығалады. Ал екінші орынды «Неврология» бөлімінде күш-қуат жинап жатқан Н. Жайдақбаев еншіледі. «Реабилитация» бөлімінің емделушісі Б. Кадырбеков тұғырлы үшінші орыннан көрінді.
Шахматқа шебер, өмірге құштар, білім-білікке бай ардагерлеріміз арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Кейіннен спорт сайысында шыныққан, бәсекеде қара үзіп алға шыққан шахматшылар өз жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.
Шахмат сайысы – терең ақыл мен епті стратегияға құрылған ойын. Өмірлері өнегеге айналған ардагерлеріміз бүгінде бұл биікті де бағындырып отыр.

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....