Абай облысының үздік ҚАЖ қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс жарияланды

Абай облысынының №20 түзеу мекемесінде қызмет атқаратын, екі үздік қызметкердің ата-аналары, қыздарының үздік қызметтері үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.   

Семей қаласындағы №20 мекеме басшылығы, осы мекеменің жасақ бастығы -ҚАЖ үздігі әділет аға лейтенанты Молдатьянова Айжанның, арнайы есеп бөлім бастығы әділет капитаны Атабаева Айгерімнің ата-аналарын- тәрбиелеген қыздарының жоғары нәтижелі жетістіктері үшін, «Алғыс хатпен» марапаттады.

Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Ол- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлерді сақтаушысы. 

Әйел отбасының ғана емес, Отанның да ұйытқысы.

Жанұя құндылығы мен қатар қызметті қатар алып жүрген жандарымыз да аз емес. Ішкі істер органдарында қызмет ету- уақытының көп бөлігін алатыны сөзсіз. Осындай қызмет түрін бірге игеріп жүрген үздік қызметкерлеріміз бар. Солардың бірі арнайы есеп бөлім бастығы әділет капитаны Атабаева Айгерім мен сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Молдатьянова Айжан.

Бала тәрбиесі мен кәсібін қатар алып жүрген қызметкерлеріміз өз істерінің шебері, бастаған істерін тиянақты, жауапкершілікпен орындайды. Мекеменің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Қызметімен қатар жанұяларына да  өз уақыттарын бөле біледі.  Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесік тербете отырып, балаларын тәрбиелеп отыр. Ұрпағын кез келген қатерден қорғай білген ата- аналарымыздың сарқылмас сарқытындай болып, еліміздің болашағы үшін еңбек етіп келе жатқан қызметкерлеріміздің алар асулары әлі алда.

Халық алдындағы борышын абыроймен атқарып, жас буынға адалдықтың үлгісін көрсетіп жүрген қыздарыңыз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін,»-дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысын бойынша орынбасары әділет подполковнигі Ерсін Мұратқазыұлы Ахметжанов.

Алдағы уақытта да қызметкерлердің өз ісіне деген адалдығын және сүйспеншілігін арттыру үшін ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттау ұдайы жүргізілетін болады.  

«Бүгінгі марапат күтпеген қуаныш болды. Қызметкерлерін құрметтеп отырған мекеме басшылығына көп рахметімізді айтамыз», — деп сөздерін аяқтады ардақты ата-аналарымыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...