Сәлем-сауқатты тексеру жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға жақындарынан келген сәлем-сауқатпен бірге тыйым салынған заттардың ену жолдарын болдырмау мақсатында Қызылорда желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі полиция майоры Е.Ескалиев пен кіші инспектор кинологы полиция старшинасы Ж.Бәкір аралау жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде тыйым салынған зат анықталмады.

«Тексеру жұмыстары аса қырағылықты талап етеді. Қиыннан қиыстырып, тағамның не сусынның ішіне тыйым салынған зат салып, қамаудағыларға жеткізетін келушілер де кездеседі. Сол себепті де әр келген сәлемдемені тінтуші иттің көмегімен жіті тексеріп барып, иесіне жетуіне көз жеткізу мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Басты мақсат – есірткісіз қоғамда өмір сүріп, жазасын өтеушілердің темір тордың ар жағында тыйым салынған затты пайдалануының алдын алу»,- деді полиция майоры Е.Ескалиев.

Жыл басынан бері сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіне келген бірнеше азаматтың азық-түліктері арасынан тыйым салынған зат тәркіленген. Бақылаушы Досқожаев Мейірбектің айтуынша, егер жазасын өтеуші азаматқа келеген сәлем-сауқаттан тыйым салынған заттар тәркіленсе, алғашында ескерту, сосын айыппұл салынады. Үшінші рет қайталаса, екі айға қамауға алынады.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...