СОТТАЛҒАН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №12 мекемесінде көпсалалы колледж жұмыс істейді. Аталған оқу орны сотталғандардың белгілі бір кәсіпті меңгеріп, еркіндікке шыққан кезде сол кәсіп бойынша жұмысқа орналасуларына ықпал ететін оқу орны болып табылады.

Жуырда, мекеме колледжінің студенттері Тәуілсіздік күні және жаңа жыл қарсаңында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шараны құттықтау сөзбен бастаған колледж директоры Нурдылла Қорғанбаев өз сөзінде, еліміздегі Тәуелсіздік алған 32 жыл ішінде атқарылған жемісті жұмыстар туралы да баяндап, сотталғандардың өз еңбектерімен, түзелу жолындағы күш-жігерлерімен тәуелсіздіктің тұғырлы болуына өзіндік үлес қосатындықтарына сенім білдірді.

Сондай-ақ №12 мекеме басшылығы, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің де қызметкерлері сотталғандарға жаңа жылда жаңа табыстар тіледі.

Іс-шара барысында, студенттер ән айтып, күй тартып және де спорттық ойындарға қатысты.

Жүлделі орындарға ие болған сотталғандар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...