Қaзaқ хaлқынa тәyeлciздiктiң aca жeңiл жoлмeн, көктeн oп-oңaй түce қaлмaғaны тapихи aқиқaт. Тәyeлciздiккe ғacыpлap бoйғы epлiк күpecпeн, шиeлeнicкeн тapтыcпeн хaлықтың әpeң дeгeндe қoлы жeттi. Мiнe, бұл тapихи оқиғаларды жазушылар өз шығapмaлapындa келер ұрпаққа бейнелеп жазған.
Қазақстан өз егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында алған болатын.
Тарихқа қарасақ қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіруі 1730 жылы басталды оған куә: Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.[1]
Әрине неліктен ол кезенде Әбілқайыр хан Ресей империясының қол астына кіру туралы ой пайда болды деген сұраққа бірнеше себеп бар: Орталық шығыста халықаралық саясаттың негiзгi күшi Ресей империясының қолында едi. I Петр патша Үндiстан мен Қытай, сондай-ақ өзге де iрi-кiшi мемлекеттермен сауда жолдарын иемденудi жоспарлады. Осы жоспарын iске асыру жолында ол, барша Азия елдерi мен жерлерiнiң кiлтi мен қақпасы қазақ елi, осы халықтың жерi арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйiндедi.[2]
Сырттан әскери шапқыншылық, бұнымен қоса iшкi өзара алауыздық қақтығыстары қалыптасты. Моңғол мен Тарбағатай аймағында орналасқан күштi әскери одақ жоңғарлар XVII ғасырдың бас кезеңдерiнде қазақ даласына әскери шабуылдарын көбейттi. Бiр зерттеушiлер, Әбiлқайырдың Ресейге қосылу себебiн, баққұмарлыққа негiздейдi. Тарих арнасының ақиқат шындығына кеңiрек тоқталсақ. XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ қоғамының саяси жағдайы аса ауыр халде болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтiк-саяси жағдайының әлсiреуiне ықпал еткен мән-жайлар – көршiлес елдердiң қазақ халқының жерiне көз алартуы едi. [2]
Ең басты себебі Әбiлқайыр саясатының мәнi – қазақ халқының ұзақ соғыстан қалжырауы, жоңғар, едiл қалмақтары, башқұрт халықтарының қысым көрсету саясаты, дағдарысқа ұшыраған шаруашылық, жүз ру арасындағы таққа таласқан төре тұқымдары. Осы айтылғанның бәрiнiң таразыға салынуы. Міне осылайша Қазақ хандығы Ресей империясының қол астына кіруді ұйғарады ол туралы: 1730 жылы Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр Ресей мемлекетiне қазақ елiн қамқорлыққа алу терминi ретiнде «бодандыққа» алу туралы өтiнiш бiлдiрдi [3, 47-48 бб.].
Қамқорлық – iрi мемлекеттiң кiшi халыққа көрсеткен ағалық мейiрiмдiлігi сияқты. Осыған сәйкес қазақ халқының дарынды тарихшысы Е. Бекмахановтың пікірінше, бодандық сөзi сол кездегi қалыптасқан ұғым бойынша, кез-келген екi елдiң арасындағы одақтастық шартта әлсiздеуi күштi мемлекетке кiруi. Бодандықты нақты бағыныштылық деп есептемеген.
Бодандықтың мәнiн Әбiлқайыр шығыс дәстүрiнде түсiндi. Ресейдi бүгiн «сюзерен» ретiнде танығанымен, күш жинап, ес жиып алғаннан кейiн одан бас тартуға болады деп ойлады [3, 82-83 бб.].
XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде бұл сөздiң мағынасы қазiргiден бөлек. Ол кезде «подданство» деген сөздi қамқорлық деп түсiнген, яғни бұл сөздi өзiне қаратып алу немесе отарлау деп түсiнбеу керек», – деп жазған [2, 107 б., 122129 бб.]. Осыдан Әбiлқайырдың бодандықтың құлдықтан айыра бiлгендiгiнен қазақ халқын өзге мемлекетке басыбайлы құлы қылып бермеген. Хан орыс құжаттарында өзiн «құл» деп атауына қарсы тұрды. Бірақта Әбілқайыр хан Ресей империясына бағынышты болуды қаламады. Жан-жақтан қаумалаған жаулардың ортасында қалған Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр бiр орталыққа бағынатын қазақ хандығын қалпына келтiрудi көздедi. Ол үшін әуелi орыс бодандары – башқұрт халқының, Едiл қалмақтарының, Жайық орыс-казактарының шапқыншылықтарын тоқтату мақсатында Ресейден әскери көмек алу. Сонда барып қазақ халқының басы бiрiгiп, орда тiгер деп үмiттендi [4]. Әрине бұл тарихта жазылған оқиғаларды дұрыс түсіну керек. Ресейге бодан болу саяси жолының инициаторы болған Әбiлқайыр, бұл қадамды жасау барысында өзiнiң хандық билiк өкiлеттiлiгiн асыра қолданғаны тарихи құжаттарда дәлелденген. Тек қазiргi кезде ондай саяси факторларды дұрыс бағалап түсiну керек. Себебi, Әбiлқайырдың осындай данышпандық саяси шешiмiнiң нәтижесiнде Қазақ халқы өз ұлтын сақтап қалды.
Міне тарихқа көз жүгіртсек, осылайша Қазақ халқы Ресей империясынын боданды болу туралы шешімге келді. Тариха қарасақ, Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты — қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни әскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды.
Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731-1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады.[5]
Міне, осы тарихқа қарап біз еліміздің «Тәуелсіздікке» жетуі бұл нағыз көктен берген сый екеніне көз жеткіземіз. 1991 жылдан бері еліміз түрлі саяси, қоғамдық, мәдени өзгерістер орын алды. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан жерінде ешбір соғыс болған емес, бұл ең алдымен биліктің дұрыс жүргізілуі деп түсінуіміз керек.
Алматы Технологиялық Университеті
Әлеуметтік гуманитарлық пәндер
кафедрасының сениор лекторы, з.ғ.к.
Жумабаева Куралай Жумабаевна
2 курс студенті Турген Нурлыбек
Пайдаланған әдебиеттер:
- https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8668
- https://articlekz.com/kk/article/16640
- Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М.: Ан СССР, – 341 с.
- Есмағамбетұлы К. Бопай ханым // Ана тiлi. – 1999. – 18 қараша, 2 желтоқсан.
- https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9_%D0%B8%D0%BC%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD