Туберкулездың алдын алу

Астана қаласы Байқоңыр ауданының пробация қызметі «Санат әлемі» қоғамдық қорымен бірлесіп, сотталғандардың кезекті тіркеу күні туберкулезді ерте анықтау және алдын алу мақсатында туберкулез туралы қоғамдық қордың ақпараттық-профилактикалық жұмысы жүргізілді.  

Сонымен қатар, бір жылдан астам флюорографиядан өтпеген сотталғандарға флюорографиядан өтуге тегін жолдамалар берілді.  Сондай-ақ ақпараттық үдеріс барысында әрбір сотталғанға ақпараттық-білім беру материалы, туберкулездің алдын алу бойынша буклеттер мен парақшалар таратылды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...