Медицина саласындағы палуан

Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы — зертханашы.

Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
Бала кезінен спортпен айналысқан ол медицина саласын таңдауына анасының ықпалы болғанын айтты.

-Мен Республикалық жоғары медициналық колледжді аяқтаған соң «Алматы» университетін биология мамандығы бойынша оқып, бакалавр дәрежесін алдым. Одан кейін зертханашы курсын оқыдым. Еңбек жолымды осы салада бастағанда мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Әрі анамның арманы орындалды деп ойлаймын, — деді Мақсатжан Нурайсанов.

  • Мақсатжан орталық аурухананың тәжірибелі, әрі білікті маманы. Ауруханада 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Медицина саласымен қатар спорт саласына да еңбек сіңіріп, еліміздің намысын қорғап жүрген азаматтардың бірі, -деді аудандық аурухана директоры Бауыржан Ысқақ.

Айта кетейік, Мақсатжанның кәсіби спорт (грэпплинг) саласында да жеткен жетістігі көп. Ол 2018 жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына, 2021 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатына қатысқан. Өзінің салмақ дәрежесінде Азия бойынша топ 5 үздіктер қатарында.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...