Тәуелсіз елдің жастары

2023 жылдың 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары Бектурова Э.К. мен Айтмұханбетова А.С. аударма ісі мамандығы, 3 курс студенттерімен «Тәуелсіз елдің жастары» тақырыбында іс – шара ұйымдастырды.  

Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұқамеджанова т.б. қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болғандарды еске алды.

Тәуелсіздік туын жеңіп берген қайсар Қазақстандық жастардың әр – біреуі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз — ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Студенттер отыз екі жылда  жеткен жеңістерді атап шықты.

Тәуелсіздігінің отыз екі жылдығына орай ұйымдастырылған іс – шараның соңында қазақтың әйгілі әншісі Қуандық Рахымның орындауындағы «Мен қазақпын» әнін студенттермен бірге орындап, патриоттық сезімге бөлендік.

                                                      Бектурова Э.К.

                                                      Айтмұханбетова А.С.

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...