Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №11 мекемесінде жасөспірімдер арасында «Тілі бірдің тілегі бір!» тақырыпта көңілді тапқырлар алаңы ойыны өтті.
Көңілді тапқырлар алаңына ойынына туризм және қонақжайлылық Индустриясы колледжінің «КИТиГ» командасы, Алматы технология және Флористика колледжінің «Сникерс» командасы, Алматы сән және дизайн колледжінің командасы, Алматы Логистика және көлік академиясы колледжінің «Уақыт жоқ» командасы және №11 мекеме «Алмас қылыш» командасымен, жалпы бес команда қатысты.
Жалпы жарыс сәлемдесу, 5-жаналық және үй тапсырмасы бөлімдерінен құралды. Әділқазылар алқа құрамында №3 ЖББМ КММ директорының орынбасары Айзада Алиева, Жетісу аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Ілияс Шопабаев және «Social Project Manaqment» қоғамдық ұйымының өкілі Мұхамеджан Әбдібекұлы әділдік етті.
Ойын қорытындысы бойынша 1 орынға мекеменің «Алмас қылыш» және Логистикамен көлік колледжінің «Уақыт жоқ» командалары ие болды. 2 орынды Алматы технология және флористика колледжінің «Сникерс» командасы және Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің «КИТиГ» командасы алды. Алматы сән және дизайн колледжінің командасы 3 орын иегері атанды. Іс-шараға белсенді қатысқан командалар мақтау қағазбен алғыс хаттармен марапатталды.
«Осындай іс-шаралардың жиі өтуі жазасын өтеп жүрген жасөспірімдерге жақсы жағынан әсер етері анық»,- деп атап өтті тәрбие бөлімінің бастығы Алма Базильбаева.


