Жабық мекемеде жұмыс көзін ашу

Таяуда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Низамова Толунай Азатовнаның ұйымдастырумен «Жабық мекемеде жұмыс көзін ашу» туралы кәсіпкерлермен кездесу өтті. Аталған  жұмыстық кездесуге Жетісу аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Шопабаев Ілияс Сәкенович, Еңбек  мобилдік орталығының қызметкері Тұрлыбек Дәурен Сұлтанбекұлы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Бейімбет Еркебулан Бейімбетұлы  ЖК «Ахатаев» өкілі Ахатаев Ержан Сулейменович  ЖК «Kizmet» өкілдері Сұртай Абылайхан Құрманалыұлы, Құспанғалиев Дамир Бақытұлы және мекеме бастығы әділет подполковнигі Толубаев Мирас Андреевич, мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет капитаны Болат Қанат қатысты.

Сотталғандарды жұмыспен қамту ешқашан күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Түзеу мекемлерінің аумағындағы шағын өндіріс орындарын ашу осы мәселенің түйінін шешуге айтарлықтай ықпал етуде. Аталған заң талаптарына сәйкес енді, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар аптасына отыз алты сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істейді, соған байланысты осы аталған іс-шаралық кездесуде жұмыс көзін ашу туралы мәселе қаралды.

«Жазалы жасөспірімдерге жұмыс көзін ашу басты мәселе, олар бір жағынан қазір сұранысқа ие жұмыстар жасаса, екінші жағынан табыс тауып, сот белгілеген шығындарын өтеуге болады. Сонмен қатар олар еңбек ете жүріп, шеберліктерін шыңдайды. Еркіндікке шықан соң кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алады», — дейді №11 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Низамова Толунай Азатовна.

                                           №11 мекеме Жеңісхан Еркегүл

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...