ҚАЖ департаменті мамандары оқушылармен кездесу өткізді

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан оқытушы мамандары Атырау облысына іс-сапармен келген болатын.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің «15 мекеме», «75 мекеме» және «79 мекеме» Республикалық мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты тобының инспекторларымен бірлесіп, Атырау қаласындағы мектептерді аралап, оқушылармен кездесулер өткізді. Кездесудің мақсаты мектеп бітіргелі отырған жас түлектерге Отанға қызмет ету, патриоттықты күшейту, мамандық таңдауда қателеспеу үшін бағыт-бағдар беру, сонымен қатар, ІІО- да қызмет етуді мақсат еткен түлектерді академияға оқуға түсуге шақыру болатын. Кездесу соңында академияға оқуға түсуге ниетті оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында оқытушы мамандар ІІО-да қызмет етудің қыр-сырлары мен қызықты да қиын кезеңдері қатар жүретіндігін түсіндіре отырып, бұл қызмет ең алдымен Отан сүйгіштікке, жауаптылыққа, аса қырағылыққа баулитындығын, оқимын деген жастарға академияда көптеген мүмкіндіктер қарастырылғандығын айта кетті.

Р. С. Қадыржанов, №15 мекемесінің кадр саясаты инспекторы әділет капитаны

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...