12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік көзделген. Бұл шараларды сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

Нақтырақ айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)  үшін ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану мүмкін.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған жағдайда, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 9-тарауы арналған. Онда сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары және оның тәртібі көрсетілген.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ іске қатысатын өзге де адамдар өз түсініктемелерін беруге құқылы. Жоғарыда көрсетілгенді қорытындылайтын болсақ, сотқа қатысушылар сот отырысына кешігіп келген немесе соттың шақыруына келмеген жағдайларда, сот отырысында өзін дұрыс ұстамаған тұлғаларға қатысты жауапкершілік көзделген.

Істі қарау барысында, судьялар процеске қатысушылардың тарапынан  сотқа құрметтемеушіліктің көптеген басқа түрлерін де айқындайды. Мысалы: сот отырысы залына өзімен бірге сөндірілмеген ұялы телефонын алып кіреді; соттың рұқсатынсыз орнынан тұрады, сөйлейді; сот отырысында сағыз шайнап отырады; ішімдік ішіп келеді.

Ерекеше  сөз қозғайтын мәселе – ол сотқа келушілердің киімі: кейде жігіттер сотқа жаз мезгілінде аяқтарына салпылдақ (сланцы), бұтына шорты киіп келеді, киген киімі шаң-тозаң болады; қыздар шаштарын жайып, ашық-шашық киім киіп келеді. Әрине, сотқа келушілердің киімі қымбат болу керек деп айтқанымыз жоқ, алайда сот мемлекеттік мекеме болғандықтан, әр адамда өзін қоғамда тиісінше ұстау мәдениеті болу керек дейміз.

Сот отырысына өзінің қойған талабы бойынша түсініктеме бере алмайтын адамдарда  кездеседі. Мұндай жағдайда, өзімен бірге сотқа өткізген құжаттардың түпнұсқаларымен көшірмелерін алып келіп, жазған арызының мән-жайын түсіндіріп беру керек туралы кеңес береміз. Осы талапты орындаған жағдайда, істің қаралу уақыты азайып, қойған талап түсінікті болады.

Қазіргі таңда сот отырыстары бейне және дыбыс қондырғылар арқылы жазылуда, яғни іске қатысушылардың сот отырысында түр- әлпеті, жасаған іс әрекеттері таспаға басылады.

Сондықтан, соттың шақыруына уақытылы келу керек екенін, келе алмаған жағдайда ол туралы хабарлау керек екенін; іске қатысушылар киімдерін дұрыстап, өздері қойған талаптары бойынша тиісті құжаттарды өзімен бірге алып келу керек екенін Тараз қаласаның тұрғындарының назарына саламыз.

Тараз қаласының  мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы                                          

М.К. Алтыбаев           

ЖОБА – КЕЛЕШЕКТІҢ СТИМУЛЫ

        Адамзат өне бойы ұзақ өмір сүру құпияларын зерттеумен шұғылданып...

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...