Облыста жолдардың қысқы маусымға дайындығы пысықталды

Түркістан облысы полиция департаменті, әкімдік пен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бірлесіп, жол және коммуналдық ұйымдардың қар тазалау жол техникасының алдағы қысқы жол-пайдалану кезеңіне дайындығына комиссиялық тексеру жүргізді.
Тексеру барысында арнайы техникалардың жай-күйі, интертті көктайғаққа қарсы материалдары мен жылыту бекеттерінің болуына ерекше назар аударылды.
Қазіргі уақытта жолдарды қысқы күтіп-ұстауға барлығы 150 бірлік арнайы техникалар мен 500-ге тарта жұмысшылар жұмылдырылған. Сондай-ақ көктайғаққа қарсы интертті материалдарды себу үшін жалпы 11 012 (он бір мың куб) м3 құм, 1 400 (бір мың төрт жүз) тонна тұз әзірленіп, қала, аудан қоймаларына жинақталған.
Осы ретте Түркістан облысының қонақтары мен тұрғындары, қыс мезгілінің басталуына байланысты көлік жүргізушілеріне жолдарда өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдықты асырмауды, ауа-райы ескере отырып, қауіпсіз қашықтықты және аралықты сақтауды ұсынады. Сондай-ақ ұзақ сапарға шығуды жоспарлаған кезде көліктеріңіздің техникалық жағдайына ерекше назар аударып, жазғы дөңгелектеріңізді қысқы дөңгелекке уақтылы ауыстыруларыңызға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...