Тергеу мекемесінде мерзімін аяқтап, босатылғандар саны көбеюде

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азамат босап шықты.

ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша бас бостандығынан айрылған «Ғ» есімді азамат жазасын №68 тергеу мекемесінде өтеген. Жазасын өтеу барысында мекеменің шаруашылық қызметіне қалдырылған. Мұнда мекемеге қатысты шаруашылық қызметке қалдырылған азаматтарға арналған  барлық қызметтерді атқарған. Жұмыс жасау арқылы ай сайын айлық жалақы төленіп, жылдық демалысын уақытылы алып отырған. Сонымен қатар, мекемеде болған барлық іс-шараларға яғни, спорттық сайыстарға, ақын,жыршылардың шығармашылық шараларына белсенді қатысып жүлделер алып отырған.

1 желтоқсан күні босатылып жатқан «Ғ» есімді азаматты ең алдымен айтулы күнімен құттықтаймын. Алдағы уақытта қайта жаза баспауына сеніміміз мол. Кез келген іс-шаралардың белсендісі бола білді. Жазасын өтеу барысынды сын пікірлер айтылмады, сонымен қатар, артық мінез-құлқы жоқ. Қазіргі таңда, мекеме аумағынан босатылып жатқан азаматты жақындары қарсы алды, деп мәлімдеме жасады АКАӘПТЖБ бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Рамазан Әлмахан.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...