Ақтөбеде түзеу мекемесінің кітапхана қоры 44 әдеби кітаппен толықты

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне бағынысты №8 түзеу мекемесінің кітапхана қоры 44 жаңа әдеби кітаптармен толықты.

Әдеби кітаптарды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қоры тарту етті. Сыйға берілген кітаптардың ішінде қазақтың зиялы тұлғаларының, сондай-ақ шетелдің жазушыларының классикалық шығармалары бар.

Жалпы, кітапхана сөресін толықтырған әдебиеттер № 8 түзеу мекемесі және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебаб ғылыми кітапханасымен бірлескен жоспар аясында жүзеге асқан. Сонымен қатар, тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде № 8 түзеу мекемесінде сотталған азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Бұл орайда мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Соның бірі- жазасын өтеушілер ішкі күн тәртәбіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...

Все тайное становится явным…(Отголоски января 22-го…) 

СПУСТЯ ЧЕТЫРЕ ГОДА ПОСЛЕ ТРАГИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ ЯНВАРЯ 2022 ГОДА...

Наследство без спешки: почему нотариус ждет?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКИ НЕРЕДКО СТАРАЮТСЯ КАК МОЖНО...