Бәрі тегін. Алматыда оқушылар сарайы жаңартылды

Алматы шаһарында орналасқан сәулетті ғимараттың бірі – Алматы оқушылар сарайы. Ғимараттың архитектура пішімі ерекше: бірнеше қатар спиральдық құрылымдарды бір жерге топтастырып, сол жерден тұрғызылған биіктігі 12 м алып күмбез бүкіл құрылысты біріктірген. Бірнеше жыл бойы құрылыс көрмеген сәулетті ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталды.


Оқушылар сарайын жаңғырту жұмыстары 2 жыл бұрын басталған еді. Аталған ғимарат сәулет ескерткіштерінің қатарына енетіндіктен, бұрынғы кескін-келбеті сақталған. Ал жаңартудағы мақсат – балалар мен жасөспірімдерді оқыту және дамыту үшін қолайлы орта құру. Сондықтан, орталық зал мен сарайдың тарихи дизайнын сақтай отырып, планетарийді, салтанат пен көрме залын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілген.


– Гранит, мрамор тастары сол қалпында қалды. Тиіскен жоқпыз. Сонымен қатар көрме залдарын толық жаңартудан өткіздік. Биыл балалардың тек жаңа бағытта жұмыс істеуіне зер салып қана қоймай, қауіпсіз орта қалыптастыруға да баса назар аудардық, – деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.


Аталған мекеме 11 бағытта жұмысын жалғастырады. 40 жылдық тарихы бар Оқушылар сарайының 320 мыңнан аса түлегі бар. Бұрын 195 үйірме болса, енді олардың саны 305-ке жеткен.


Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни жаңа бағыттар болғаннан кейін, олардың көбісі электроникамен жұмыс істеуді қажет ететіндіктен біз электр желілерін толық жөндеуден өткіздік. Желдету, инженерлік желілер толығымен жаңартудан өтті. Осы балалардың тек жаңа бағытта жұмыс істеп қоюына зер салмай, сонымен қатар қауіпсіз орта қалыптастыруға да баса назар аудардық,- дейді қалалық білім басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева.


Оқушылар сарайы әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи технологияны енгізген. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инженерлік жүйелерді ауыстыруға баса мән берілген. Жаңартылғандардың қатарында жарықтандыру, желдету, ауаны баптау, жылу және кәріз жүйелері бар. Автоматтандырылған өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесінің де сапасы артқан.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...