12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып табылатынын, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатынын, Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес азаматтық істер бойынша сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, ресми түрде сот ісін жүргізуде орыс тілі, ал заңдарда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылатынын.

Сот ісін жүргізу тілі — Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және тілдік қатынастардың мемлекеттік-құқықтық аспектілерін реттейтін басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылатуы.

Сот ісін жүргізуде әркім өзіне түсінікті тілде немесе меңгерген тілде мәлімет алуды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екенін. Көрсетілген талап осыны қамтамасыз ететінін. Сонымен қатар, бұл заңда тіл туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылық та көрініс тапқанын, «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүргізудің өзекті мәселелеріне тоқталды:
1) іс бойынша тараптардың басым көпшілігі мемлекеттік тілді білмеуі;
2) заң терминологиясының ерекшелігін ескермеуі;
3) кәсіби біліктілігімен ерекшеленетін заңгер аудармашылардың жеткіліксіздігі;
4) мемлекеттік тілдегі заң әдебиет көлемінің төмендігі;

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Екі тараптың жазбаша өтініші бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында сот ісін жүргізу тілін айқындамамен өзгертуге құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне түсініктемеде сот ісін жүргізудің белгіленген тілі істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда сотта қарау кезінде бірдей болып табылатыны көрсетілген. Алайда, сот тәжірибесінде сот ісін жүргізу тілі қағидатын сақтамаудың мәселелерінің бірі сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тараптардың сот ісін жүргізу тілін жетік білмейтіндігі, ал іс мемлекеттік тілде жүргізілсе аудармашының тапшылығына байланысты тіл қағидаты бұзылуда.
Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктері болып табылады.

Заң терминологиясының элементтері сот ісін жүргізу процесінде ғана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық шарттарда, нұсқаулықтарда, сертификаттарда және өзінің кәсіби қызметінде заң кәсібінің өкілдерін пайдаланатын өзге де мақсаттағы мәтіндерде де кездеседі.
Заң тілінің ерекшелігін, жан-жақты тақырыпты және аударылатын материалдардың едәуір көлемін ескере отырып, сот нормативтік актілері мәтіндерінің тең түпнұсқалық проблемасын шешу үшін кадрлық ресурстарды ұлғайту және лингвистикалық сараптамалар жүргізу талап етіледі.

Сот ісін жүргізуде тілді қолданудың еркіндігі, конституциялық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сондықтан да, оны тек қана азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу құқығының аясында қарастыру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі, Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізудің конституциялық құқықтық қағидаларының негізгілерінің қатарына жатады деп санаймыз.

Мемлекеттік тіл мемлекеттіліктің маңызды белгілерінің бірі болып табылады, қоғам дамуының әлеуметтік және мәдени салаларында маңызды интеграциялық рөлге ие.
Сондықтан, мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлін барынша арттыруға ат салысуымыз қажет.

Шымкент қаласы мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман- сот отырысының хатшысы

М.А. Мырзабаев

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Универисада 3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтті. ...

Дербес кассациялық соттардың – сот жүйесіндегі маңызы

Кассациялық саты – бұл бірінші және апелляциялық инстанциялардан кейінгі,...

Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда туындайтын кез келген дау мен келіспеушілік адамдар арасындағы...