Түркістан өңірінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптасқан

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған облыс басшысы Дархан Сатыбалдының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерінің саны биыл 28 мыңға артып, жалпы 213 мыңға жеткен, — деп хабарлайды Zanmedia.kz порталы. 

«Кәсіпкерлер 21,3 млрд теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Келесі жылы несиелендіру көлемін 40 млрд теңгеден асыруды межелеп отырмыз», – деп атап көрсетті Дархан Сатыбалды.

Облыс басшысының айтуынша, шағын және орта бизнесті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бүгінде Сауран ауданында 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда. Жобаға сәйкес алдағы 3 жылда 42 өндірістік ғимарат салынады. Олар кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылатын болады.

Өз ісін бастауға ниет білдірген азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы 20 мыңнан астам қызмет түрлері тегін көрсетілгенін жеткізген әкімнің айтуынша, жыл басынан бері түркістандық кәсіпкерлер сомасы 1 трлн теңгеден асатын өнім шығарған. 

Сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қоймаларын салу үшін жұмсалған инвестициялық шығынның 50 пайызын өтеу мәселесі шешілген. 

Бұған қоса, ауыл халқының жағдайын жақсарту мақсатында 6 бағытта «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынған. Бұл мақсатқа бюджеттен 19,8 млрд теңге бөлінді. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленіп, бүгінге дейін 15,6 млрд теңгеге 2 632 жоба қаржыландырылды.

«Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, қосымша 30 млрд теңгеге өнім өндіріледі, жобаға қатысушылардың орташа табысы өседі, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаяды», – деп мәлім етті Дархан Сатыбалды.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...