12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің мәселелері»


 
«ҚР Конституциясының 7 — бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Сонымен қатар қазақ халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттің басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақтың тілі — қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да — тілінде. Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз», — деген болатын.
Сонымен қатар мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі мақсаты — бұқара көпшілікпен санасу және олардың ұсыныс — пікірлерін тыңдау, тиісті шешім қабылдау.
Бүгінгі таңда кей жағдайда мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының талаптарын орындамауы, сондай-ақ қарапайым халықпен мемлекеттік тілде қарым — қатынас жасамауы жиі көрініс тауып, халықтың наразылығына алып келіп жатады. Осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының талаптарын орындауды бақылауда ұстау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті болуы тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының 11 — бабында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі» деп атап көрсетілген. Осы заң талаптары ескеріле отырып, сотқа ауызша немесе жазбаша мемлекеттік тілде хабарласқан өтініш иелерінің кез келген сұрақтарына қазақ тілінде сауатты, толыққанды жауап беру сот саласындағы қызметкерлері үшін аса жауапкершілік болып табылады.
Осы тұрғыда, Ақтөбе облыстық сотының мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жұмыс жоспары негізінде мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізудің жай-күйі, оны қолданудың сапасын арттыру көзделген. Осыған орай, әкімшілік сотта іс қағаздарын жүргізу барысында қазақ тілі грамматикасын дұрыс қолдану, жиі кездесетін орфографиялық қателерді болдырмау бойынша семинар сабақтары өткізіліп тұрады, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарын жандандыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді.
 
Қорыта келе, әрбір тілге жанашыр азаматтың «Тілі жоғалған елдің, ұлты да жоғалады» деген нақыл сөзді ұмытпай, қазақ тілін одан әрі дамытуға өз үлесін қосса деген тілегім бар.
 
Ш.Мырзалы, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының сот әкімшісі
 

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...