Елімізде міндетті дактилоскопияны алып тастау жоспарланып отыр

Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді оны алып тастау жоспарланып отыр. Бұл норма Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялардың мәселелері бойынша түзетулер жобасына енгізілген.

«Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті түрде дактилоскопиялық тексеруді алып тастау. Қауіпсіздік мәселелері мен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына қатысты көптеген өтініштерге, сарапшылардың пікірлеріне байланысты шешім қабылданды.

Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Сонымен қатар, шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді», — деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...

Все тайное становится явным…(Отголоски января 22-го…) 

СПУСТЯ ЧЕТЫРЕ ГОДА ПОСЛЕ ТРАГИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ ЯНВАРЯ 2022 ГОДА...

Наследство без спешки: почему нотариус ждет?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКИ НЕРЕДКО СТАРАЮТСЯ КАК МОЖНО...