Қонаев қаласында «Құқық тәртіп» атты іс-шара өткізілуде

Ағымдағы жылдың 20-30 қараша аралығында мемлекеттің барлық аумағында «Құқық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты Қонаев қалалық пробация қызмет есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылықтарын анықтау және алдын-алу мақсатымен жұмыс қарқынды өтуде.

Пробация қызметінің қызметкерлері полиция учаскелік инспекторымен бірлесе отырып, түнгі уақытта сотталғандардың мекен-жайларымен жұмыс орындары тексеріліп, сотталғанның туыстарымен, жұмыс берушілермен сұхбаттасу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, барлық мәлімет базаларынан сотталғандардың қылмыс жасау және құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...