Келесте «Қауіпсіз қала» атты тексеру шарасы жүргізілді

Жуырда Түркістан облысы, Келес ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тексеру барысында «Қауіпсіз қала» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Келес аудандық прокурорының өкімімен бекітілген жқмысшы топ құрылып, әр мекеме өз бағыттары бойынша жұмыстарын атқарды. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Келес аудандық пробация қызметі, аудандық прокуротура қызметкерлері және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан Келес ауданында мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.

Іс-шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары және жұмыс орындары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.

Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда бір күнде отыздан аса сотталғанның үйі мен жұмыс орынына барып тексерген. Тексеру барысында ешқандай сотталған тәртіп бқзбады. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі.

«Қауіпсіз қала» атты жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...