Жуырда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №11 мекемесіне Франция мемлекетінің Париж қалалық кәмелетке толмағандар ісі бойынша Трубунал сотының судьясы Лиза Эок іс-сапармен келді.
Париж судьясының Республикадағы жалғыз балалар колониясына келудегі мақсаты – Қазақстандық сот жүйесімен танысу, кәмелетке толмағандардың бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау жағдайымен танысу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.
Департамент басшылығы Париж судьясын жазасын өтеуші жасөспірімдерді ұстау жағдайымен және оларға орта білім беру, кәсіпке баулу жолында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Кездесу барысында Департамент басшылығы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелері мен инновациялық тәсілдерін талқылап, балалар мен жасөспірімдерді құқықтық қорғауды жақсарту жөнінде ой бөлісті.
«Бұл кездесу Қазақстан мен Францияның құқықтық жүйелері арасында жаңа мүмкіндіктер ашатын кездесу болды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу әділетті Қазақстан орнату жолындағы құқықтық тәжірибені де жетілдіре түсетіні сөзсіз»-деп атап өтті, ҚАЖД бастығының орынбасары Ерлан Ұзақов.


