Алматылық нейрохирургтер күрделі ота жасап, науқастың омыртқасындағы ісікті алып тастады

Алматы қалалық шұғыл жедел медициналық жәрдем ауруханасы дәрігерлері омыртқасына невринома өскен 50 жастағы әйелге ота жасады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, әйел үнемі омыртқаның кеуде тұсы ауыратынын айтып шағымданған. 7 ай бойы жүргізілген емнен нәтиже шыққан соң МРТ түсірген. Нәтижесінде омыртқадан невринома қатерсіз ісігі табылды.
Дәрігерлердің айтуынша, невринома (шваннома) – баяу өсетін қатерсіз ісіктің түрі. Ол адам ағзасындағы кез-келген жүйке талшығына жабысып өседі. Ісік негізінен бас, мойын, омыртқа (жұлын), сондай-ақ аяқ пен қолды зақымдайды.
«Ісіктің бұл түрі баяу өседі, сол арқылы ұзақ уақыт бойы байқалмайды. Ол кез-келген жаста өсе береді, бірақ негізінен 40-60 жас аралығында пайда болады. 45 пайызда невринома омыртқаның кеуде тұсына шығады», — дейді аурухананың нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Константин Ли.
Тексермегенде ісік ары қарай үлкейіп, пациенттің ауруы меңдей берер еді. Уақтылы анықталған өскінді дәрігерлер микрохирургиялық әдіспен алып тастады.
«Науқасқа күрделі ота жасалды. Себебі ісікті алдымен өзге органдардан ажыратып алу қажет болды. Бірақ өскінді алу барысында басқа ағзаларды зақымдап алу қаупі жоғары еді. Бірақ нейрохирургтер қиын отаны зергерге тән шеберлікпен жасап шықты» — дейді Константин Ли.
Бүгінде жағдайы едәуір жақсарған пациенттің аурухана қызметкерлеріне айтар алғысы шексіз. Қазір ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
Тәжірибеге сүйенсек, мұндай пациенттер қалыпты өмірге қайта оралады. Невринома алып тастағаннан екінші рет шықпайды. Ең бастысы отадан кейін күтініп жүру қажет, дейді маман.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...