Балаларына алимент төлемеген әке темір торға қамалды

Абай облысы Ақсуат ауданының тұрғыны сотталған (есімі жасырын) тұлға өз отбасымен ажырасып бір жыл көлемінде балаларына алимент төлемей жүргені үшін үстінен ҚР ҚК-ң 139-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып нәтижесінде, сот қоғамнан оқшауламай бір жыл мерзімге бас бостандығына шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгілеген. Осы сот үкімі Абай облысы Ақсуат аудандық пробация қызметіне 2023 жыдың екінші жарты жылдығында келіп түсіп орындауға қабылданған.

Содан бері 5-6 ай уақыт аралығында бақылауда жүрген (есімі жасырын) тұлға 2023 жылдың 20-30 қараша аралығында Республика көлемінде «Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өту кезеңінде, Ақсуат АПБ-ң ЖПҚБ мен Ақсуат аудандық пробация қызметінің бірлесіп күшейтілген қызмет атқару барысында бірнеше рет сот үкімін бұзу фактісін анықтаған. Осыған орай аталған азаматқа қатысты Ақсуат аудандық пробация қызметі ҚР ҚК-ң 44-бабының 3-бөлігі негізінде, сотқа сотталушының бас бостандығана тағайындалған шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына ауыстыру бойынша іс-құжаттары жолданған. Осы іс-құжаттар негізінде 2-3 күн аралығында сот ашық отырысы өтіп оған басқада пробация есебінде тұрған сотталған тұлғалар қатыстырылып (есімі жасырын) сотталған 6 айдай мерзімге қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесіне жолданды деп хабарлайды.

Абай облысы Ақсуат аудандық пробация қызметінің

аға инспекторы әділет капитаны

Б.Т.Нурахметов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...