Жетісуда оңалту орталықтары белсенді жұмыс істейді

Талдықорған қаласында биыл «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Асар» спорттық-оңалту кешені ашылды. Бүгінде Талдықорған қаласы бойынша 300 адамға, оның ішінде 54 балаға оңалту қызметі көрсетілуде.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аттйы, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, Алакөл көлінің жағалауында 6-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балаларға арналған 35 орындық сауықтыру жазғы лагері ретінде жұмыс істей бастаған. Сонымен қатар келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

— Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен және демеушілер көмегімен 14 Инватакси сатып алынды. Сөйтіп инватакси саны 36-ға жетті, — деді Б. Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...