Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың тәсілдері мен тетіктерін түбегейлі қайта қарау қажет. Өйткені, бірқатар бағдарламаның іске қосылғанына көп уақыт өтсе де, өз тиімділігін көрсетпей отыр. Бұған алдымен бөлініп жатқан қаржылық көмектің көптеген кәсіпкерлік нысандарға шектеулілігі себеп болуда.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015-2019 жылдары 270 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенімен, субсидиялау және кепілдік беру құралдарының артықшылықтарын тек 19,6 мың кәсіпкерлік нысаны пайдаланыпты. Яғни, жыл сайын әрбір 1000 белсенді кәсіпкердің үшеуі ғана қаржылық қолдау алған. Ал, олардың дені саудамен айналысады. Бұл жөнінде жуырда Парламент Сенатында өткен «Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбына арналған Үкімет сағатына белгілі болды. Экономикалық дамудың жаңа парадигмасына сәйкес, шағын және орта бизнес ұлттық экономиканы дамытудың драйвері болуы тиіс. Бұл әлемдік тренд. Қазақстан да отандық экономиканы диверсификациялап, өңдеу секторын дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдауға айрықша маңыз беріп келеді. Айтып өткеніміздей, біршама бағдарламалар да қабылданды. Үкімет сағатында айтылған мәліметтерге қарағанда, бұл салада белгілі деңгейде алға жылжу да бар секілді. Мәселен, соңғы бес жылда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 46,5 пайызға артқан. Олар бүгінде 4 миллионнан астам экономикалық белсенді қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің еліміздің ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 28-ден 36,4 пайызға өскен. Алайда бұл өсім, ең алдымен, жеке кәсіпкерлердің бір жарым есеге артуы есебінен екен. Ал орта бизнес субъектілерінің саны небәрі 11,6 пайызға көбейіпті. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот-сараптама қызметі айрықша маңызға ие. Аталмыш институттың Қазақстанда құрылу және қалыптасу тарихы терең, сондай-ақ ол Әділет министрлігінің Сот сараптамалар орталығының іргетасы қаланған тарихи кезеңдермен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда сот сараптамасы қолданбалы білім және қызмет саласына тиісті деп танылады. Оның қолданысы және әрекет аясы азаматтық қоғамның түрлі салалардағы құқық қорғау мәселелерін шешу барысында арнайы ғылыми білімді пайдалану жөніндегі сұраныстар арқылы анықталады. Құқық қорғау секторының призмасы арқылы сот сараптамасы институтын дамытудың кейбір өзекті мәселелері мен негізгі бағыттары жөнінде ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Судьялар одағының төрағасы Сәкен АБДОЛЛАМЕН сұхбаттасқан едік. – Сәкен Жүсіпахметұлы, сот-сараптама қызметі бойынша тәжірибеңіз мол екенін білеміз. Сіз қылмыстық іс жүргізу, криминалистика және сот сараптамасы саласындағы мамандардың бірісіз. Бұл қызметтер қалай жүргізіледі және осы уақыт ішінде қандай нәтижелерге қол жеткізілді? – Алдымен менің кәсіби білімімнің негізгі базасы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі ҚазҰУ) қаланғанын атап өткім келеді. Түрлі жылдар ішінде прокуратурада, сотта, сот сараптамасы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде, Шымкент облысы Әділет басқармасы басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы Әділет басқармаларының басшысы, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры лауазымдарын атқардым. Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Төраға Қ.Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді. Асламбек Мерғалиев Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы жайлы баяндады. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілді. Жоғарғы Сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынады. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән береді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкімшілік әділеттің жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде айтылды. Жоғарғы Сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу жайында айтты. Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және барлық сатыдағы істерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Өз тілшіміз нысандарының небәрі 0,2 пайызы орта кәсіп ұйымдары. 2022 жылғы мәлімет бойынша кәсіпкерлердің дені немесе 35 пайызы сауда саласында жұмыс істейді. Яғни, бұл саланың экономиканы диверсификациялаудағы белсенділігі төмен. Осыған орай жалпы ішкі ұлттық өнімдегі үлесі 36,4 пайыз деңгейінен аспай тұр. Ал, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 40-50 пайызға әлдеқашан жетіп қойған. Арнайы бағдарламалар қабылданып, қомақты қаржы құйылғанына қарамастан бұл сала неге көштен қалды? Жиында сөз алған сенаторлар, мүдделі ұйым өкілдері тарапынан мұның себеп-салдары мүмкіндігінше ашылды. Кілтипан, ауылдағы кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының шектеулілігінде болып тұр. Бұл орайда бірінші кедергі несие алу үшін кепіл мүлкіне қойылатын қатаң талаптар. Жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында олардың көбі мақсаттарына сәйкес болмай жатады. Бұған ішкі нарықты отандық өндірушілер өнімдері және қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасын келтіруге болады. Бұл жобада қамтылған жеңілдікпен қаржыландырылуы тиіс қызмет түрлерінің 35 пайызы (150-нің 53-і) белгіленген мақсатқа сәйкес келмепті. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін төмендететін үрдіс Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасына да тән. Атап айтқанда, бизнесті гранттық қолдаудың бизнес қауымдастығы үшін де, әкімдіктер үшін де түсініксіз тұстары көп. Біріншіден, гранттық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын қадағалау жоқ. Бүгінгі таңда мониторинг тар шеңберде таңдамалы түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, 2022 жылы мақұлданған 264 жобаның 27-сі ғана тексерілген. Мұндай жағдай басқа облыстарда да байқалады. Келешектегі бағыты және түпкі нәтижесі есепке алынбай 5 млн теңге сомасында гранттық қолдаумен шағын жобаларға басымдық берілуі де қате шешім болды. Өйткені бұл бюджет қаражатының ысырабына әкелген. Осы орайда құқықтық олқылықтардың да зардабы аз тимеуде. Енді осы тізімге «үйдегі дүкенді» қолдау арқылы азық-түліктің бөлшек саудасын, ғимараттарды жөндеу, жылжымайтын мүлікті және жеңіл автокөліктерді жалға беруді де қосу жоспарлануда. Бұл көзқарас түбегейлі қате. Өйткені, бизнес экономиканың драйверіне айналуы үшін мемлекеттiк қолдау отандық өндiрiстi ұлғайтуды, өңдеу өнеркәсiбiн дамытуды ынталандыруға бағытталуы қажет. Бизнес-қоғамдастық банктегі несие беру шарттары қолайсыз болғандықтан әлі де мемлекет көмегіне сүйенуге мәжбүр. Бұған банктердің бизнеске қолдауға құлықсыздығы себеп болып отыр. Банктерде бизнес тарапынан түскен өтініштердің тек 40 пайызы мақұлданған. Оның дені яғни, 52 пайызы ірі кәсіпкерлердің еншісіне тиіпті.
34 пайызы шағын бизнеске, тек 14 пайызы орта кәсіпкерлікке бұйырыпты. Ең өкініштісі ірі кәсіпкерлерге бөлінген несиенің 51 пайызын сауда қызметі иеленген. Ал, өндірістік сектор бұл көмектен сырт қалған. Жалпы, сауда саласын қолдау Даму қорында жасалатын мемлекеттік қолдаудың басым бағытына айналған десе де болады. Осы ұйым арқылы субсидия алған кәсіпкерлердің 37 пайызы және грант алған жобалардың 39 пайызы сауда нысандары. Сондықтан да шұғыл түрде мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері мен шараларын түбірінен қайта қарап, өзгерту керек. «Ауыл аманаты» жобасын енгізу арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған жеке бөлім енгізу қажет. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті жандандыру үшін ең алдымен растаушы құжаттарды ұтымды оңтайландыру, сондай-ақ кепілді бағалау мәселесін шешу арқылы несие ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету айрықша маңызға ие. Жиында сөз сөйлеген Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осы орайда жергілікті бизнесті ынталандыру үшін өңірлерді дамыту ерекшелігін ескерудің және өңірлік бағдарламаларды жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Мәулен Сағатханұлы шағын және орта бизнеске қатысты салық саясатын жетілдіру қажеттігіне де назар аудартты.
Төрағаның айтуынша, Үкімет бизнеске салмақ түсірмейтін салықтың «ауыртпалықсыз» балама нұсқаларын қарастыруы керек. Жалпы салық саясаты бизнес пен мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігін талап етеді. Фискалдық шаралар шағын бизнесті кеңейтуді ынталандыруды мақсат ету керек. Жиында сөз алған Ляззат Рысбекова кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендіру үрдісіне наразылығы көп екенінін айта келіп, бұл мәселеге қатысты біраз кемшіліктерді ортаға салды. Оның айтуынша, базыналар мемлекеттік кірістер органдарының талабымен мәмілелерді жарамсыз деп тануына орай туындауда. Бұл шара етек алып, іс жүзінде қосымша салықтар үшін жеңіл жазалау әдісіне айналған көрінеді. Осыған тосқауыл қою үшін сотқа дейін қарау мақсатында аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде келісім комиссиялары құрылыпты. Алайда бұл ұйым қабылдаған шешімдердің объективтілігі бизнес өкілдері арасында күмән тудырады. Мұның басты себебі – аталған алқалы органның жұмыс тәртібінің дұрыс реттелмеуі. Мәселен, комиссияның жеті мүшесінің біреуі ғана облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі де, қалғаны мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері. Бизнес қауымдастықтың камералдық бақылауларға да наразылығы бар. Өйткені, кәсіпкерлерге салықтық қателіктерді өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге тиіс бұл шара қазір қашықтан салықтық тексеру құралына айналыпты. Мемлекеттік органдардың кейбір шешімдері де бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Мысалы агроөнеркәсіп кешенінде «Атамекен» ҰКП мәліметінше соңғы екі жылда Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15 түрі бойынша экспортқа шектеулер енгізген. Мақсат нарықтағы бағаны тұрақтандыру екені белгілі. Алайда, жиі қабылданатын мұндай шешімдер бизнес үшін келісімшарттардың орындалмауы, өнімнің бүлінуі, өндірістің тоқтап қалуы, сондай-ақ жылдар бойы игерілген сыртқы нарықтың жоғалуына соқтырып жатыр. Сол секілді субсидиялау ережелерінің жиі өзгертілуі де кәсіпкерліктің тынысын тарылтып отыр. Тек соңғы 5 жылда оларға 50-ден астам түрлі өзгерістер енгізіліпті. Олар фермерлер мен инвесторларды шатастырып қана қоймай, оларға ұзақ мерзімді даму жоспарларын құруға да мүмкіндік бермей отыр. Тағы бір маңызды мәселе – отандық тауар өндірушілер үшін әкімшілік кедергілер көп. Ұлттық экономика министрінің бұйрығы бойынша отандық азық-түлік өнімдері үшін сауда желілері мен базар сөрелерінің кемінде 30 пайызы бөлінуі тиіс болса, бұл мүмкіндікке тек еліміздегі ірі өндірушілер мен көршілес елдердің еншілес компаниялары ғана ие болып отыр екен.
Ал, кішігірім кәсіпкерлер бұған қол жеткізу үшін қыруар қаржы төлеуге тура келеді. Бұл қазақстандық тауар өндірушілердің дамуына кедергі болып қана қоймай, отандық нарықтағы импорттық тауарлар үлесін арттырды. Сондықтан өңірлердің ұсыныстарын ескере отырып, ішкі сауда нысандарын отандық тауарлармен толтыру үшін белгіленген шекті 50 пайызға дейін ұлғайту қажет. Елдің экономикалық дамуы, сондай-ақ қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының артуы шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Бұған қол жеткізу кәсіпкерлікті қолдаудың тиімділік деңгейімен айқындалады. Көріп отырғанымыздай, шағын және орта бизнесте сапалық өзгерістен гөрі сандық өзгеріс басым. Бұл отандық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты өзгерту қажеттігін көрсетеді.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»