Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Бүгін Сенат депутаттары Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғарғы палатаның пленарлық отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының судьяны қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

«Берік Нәжімиденов — бұрынғы заңгер. Ол — қаржылық бақылау саласындағы маман. Президенттің 2025 жылғы 26 маусымдағы жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды», — деді Малахов.

Айта кетейік, Берік Нәжімиденов 2021 жылы Жоғарғы соттың судьясы болып тағайындалды. 

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...