Астана колониясында сотталғандармен діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу бойынша сабақ өткізілді

Елордалық ҚАЖД №2 мекемесінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Мырзабек Түйғанов «деструктивті діни ағымдардың идеологиясының ұлттық санаға әсері» тақырыбында дәріс өткізді.

Сабақ барысында деструктивті діни ағымның мәні, белгілері, олардың ұлттық бірегейлікке және адамның өзінің төл мәдениетімен байланысына жойқын әсері көрсетілді. Дәріскер Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігінің негізі ретінде, ұлттық ерліктің тарихи мысалдарын келтірді.

Тыңдаушылар ризашылықтарын білдіріп, осы тақырыпта тағы да кездесуге ниет білдірді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...