12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай шығармаларындағы «Сөз дұрыстығын» көрсету үшін

Қазіргі қоғамда «қазақ тілінің» мәселесі көбеймесе азаймай жатыр. Басты себеп, қоршаған орта, жаһандану заманының ықпалы. Заманның өзгеруі, рухани байлықтың азаюы. Тілдің тазалығына дақ келіп, бұрылыстарға түсіп жатуы халқымызды алаңдатпай қоймайды. Сөздің күшін бағамдап, оның әсерін сараптай алмай, орынсыз қолданып жүргендер қаншама. Қазақтың «сөздің киесі бар» дегені ұмытылып, ауыз өзімдікі деп елді арандатушылар, өзге жандарды оқсыз жаралаушылар көп болып кетті.

Осы мәселелерді шешу үшін не істей аламыз? Тіл мен ұлтқа байланысты қиындықтар туындағанда жол табуға, кедергіден шығуға көмектесетін, жол басшымыз — Абай. Хакімнің даналығымен осы күнге дейін елеулі мәселелерде жол тауып жүрміз. Оның сөз өнері, орынды сөйлеуге қатысты қаншама тұжырымдары, құнды пікірлері бар. Өз заманынан оза туған дана ақынның сүбелі сөздері қазіргі өмірде қажетті, құнды.

Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінде:

«Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!» — демекші, ақыл айтар, жол көрсетер жан табылмағанда кеңес алатын кеменгеріміз дайын. Сөз дұрыстығына көзіміз жетпеген жерде, Абайдың ойлары көпір болмақ.

«Абайдың айтуынша сөз қандай болуы керек?» деген сауал қойып, оның жауабын  Абай ғылыми-зерттеу институтының мамандары Мұсалы Ләйла мен Даутова Бибігүл ханымдардың көмегімен іздеп көрдік. Оның бірнеше өлеңдеріне саралау жұмысын жасап, ой қорыттық.

Біздің түйгеніміз бойынша, Абай айтқан дұрыс сөз:

  • Түзу;
  • Рас; 
  • Біз секілді өткір;
  • Қиыннан қиысатын;
  • Тілге жеңіл; 
  • Теп-тегіс жұмыр;
  • Емдей алатын;
  • Жүрекке бағынатын;
  • Мәнді;
  • Қайрат берерлік;
  • Көрікті;
  • Іші алтын, сырты күміс;
  • Үлгі аларлық;
  • Жарасымды;
  • Тәтті;
  • Мағынасы түзу болуы керек.

«Бойда – қайрат, ойда – көз

Болмаған соң, айтпа сөз» — деп бекер айтпаған. Сөзді сөйлерден бұрын ой елегінен өткізіп, тұшымды сөйлеу керектігін көрсеткен.

Абай шығармаларынан «сөздің» құдіретті, қастерлі, бағалы, кейде қару да бола алатынын ұғына аламыз. Тілі дұрыс адам — сөзі дұрыс адам. Сөзі дұрыс адам — өзі дұрыс адам. Пенденің жаны қандай болса, оның аузынан шығаттын сөздің жаны да сондай болмақ.

Демек, қазіргі қазақ ойы мен сөзін бағу керек. Абайдың: «Кісіге қарап сөз салма, сөзіне қарап кісіні ал», дегеніне жүгінер болсақ, сөз түсінетін адамды өнеге тұтуды, сөз­дің қадір-қасиетін білуді адам капи­та­­лының өлшемі ретінде бағалауға тиіспіз. Шындығында, сөзге құлақ қоя­тын адам ғана сөзге тоқтай алады. Ал, құлақ қойып тыңдау үшін де дұрыс сөйлеу міндет. 

Халық әрқашан ақиқатын айтып, түзу сөзбен тура жолдан таймай, жүректен шыққан тәтті сөзді орнымен қолданып, өзгелерге өтімді ете білсе екен деп үміттенеміз. «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» екен­дігін ескерткен Абай, оның біреудің ала жібін аттамауы керек екенін де атап өткен. Соны естен шығармауымыз қажет.

Біздің көрсетіп отырған мәселелеріміздің шешу жолын Абайды тану арқылы шеше алдық деп ойлаймыз. Абайдың сөз өнері жайлы айтқан пікірлері қазақ жерінде ғана емес, күллі жұртқа мәлім. Сөздің тағы бір қасиеті таныту деп қарастырсақ болады.

Абайды сүйіп оқитын, оның даналығының дарқандығын түсіне алатын әр адам Абай ғылыми-зерттеу институтының өмірімен танысуы қажет. Кемеңгерлік пен кемелдікке толы мекемеде Абайдың сөздерімен сусындап қана қоймай, еліміздегі ауқымды мәселенің шешу жолдарын да Абаймен тілдесу арқылы таба алады.

Өз сөзінде ақын:

«Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», — деген сөзі арқылы қазіргі ойлы жастар тілі таза, сөзге шебер, ақылды болуы міндетті екенін көрсетіп кеткендей.

Университетіміздегі білімгерлер осы сара жолды жалғап жыл сайын зерттеу жұмысын жасап, әртүрлі жұмыстар атқаруда. Әр ақынның өнерін жеке түсініп, тану үшін арнайы орталықтармен байланыс орнатылуда. Сол арқылы біз Абайды зерттеп, сөз дұрыстығына қажетті мәселелерді атап көрсеттік. Әдебиеттегі ғылыми көзқарастың аясын кеңейттік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Шетел филологиясы және аударма ісі

Кафедрасының 2 курс магистранттары

 Тортай Шұғыла, Кәмен Ақторғын

Мұсалы Ләйла, Даутова Бибігүл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ҒЗИ қызметкерлері

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...