12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-да әлемдік экономика мен энергетика саласындағы өзекті мәселелер талқылануда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономиканы декарбонизациялаудың жаңа жолы (KZGT-2023)» тақырыбында І халықаралық ғылыми конференция өтуде. Тұрақты даму мақсаттарының 13-бағытын қамтитын іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Санкт-Петербор политехникалық университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Мақсат – экономика және энергетика салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, оң шешімін табу. Пленарлық отырысқа Қырғыз Республикасының экс-президенті, Ресей Ғылым академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Асқар Ақаев, РҒА Мұхиттану институтының ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Роберт Нигматулин, профессор, э.ғ.д. Борис Порфирьев, РҒА корреспондент-мүшесі, экономика ғылымының докторы Александр Широв, РҒА Сібір бөлімшесі Көмір институтының директоры, профессор Владимир Клишин, Әлеуметтік ғылымдарды зерттеу жоғары мектебінің директоры Сапир Жак, Лиссабондағы Атлантикалық университетінің профессоры Тесселано Кампос, ҰҒА академигі Николай Буктуков, экономика ғылымының докторы Болат Құсайынов, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, білікті сарапшылар, университеттің оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастары қатысты.

Конференцияда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, шараның маңыздылығына тоқталды.

«Экономика – кез келген мемлекеттің қозғаушы күші. Экономика ғылым мен өндіріс байланысы арқылы дамиды. Әлемде экономика, энергетика саласындағы мамандарға сұраныс артуда. Біз ғылымға басымдық бере отырып, әр салаға білікті маман даярлап, жаңа инновациялық шешімдерді іске асыруымыз керек. Бүгін біз өз заманымыздың ең маңызды және өзекті тақырыптарының бірі – экономиканы декарбонизациялау жолдарын талқылау үшін жиналдық. Көптеген жылдар бойы адамзат климаттың өзгеруіне байланысты қиындықтарға тап болды. Бұл қиындықтар тек назар аударуды ғана емес, сонымен қатар нақты әрекеттерді де қажет етеді. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және тұрақты экономикаға көшу мақсаты маңызды бола бастады. Бұл процесте инновация мен технология шешуші рөл атқарады», – деді ректор.

Өз кезегінде академик Асқар Ақаев: «Бүгінгі іс-шара Қазақстан Президентінің үш бастамасын іске асыру тұрғысынан аса маңызды рөл атқарады. Конференция жұмысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи бастамаларын қолдауға бағытталған. Біріншісі – Қазақстанда Орталық Азия елдері үшін БҰҰ ТДМ бойынша өңірлік хаб құру. Екіншісі – 2026 жылы Алматыда БҰҰ қамқорлығымен ОАӨ елдері үшін жобалық кеңсе құра отырып, өңірлік климаттық саммит өткізу. Осы тұрғыда саммитті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткізуге оқу ордасының мол мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл тарихи оқиға болар еді. Үшіншісі – Қазақстанда ОАӨ елдері үшін энергия көздерін өткізу бойынша әріптестік бағдарламасын іске қосу», – деп атап өтті.

Сондай-ақ жиында шетелден келген қонақтар өз тәжірибелерімен, ойларымен бөлісіп, экономика және энергетика салаларындағы өзекті мәселелерді қозғап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Мәселен, РҒА Мұхиттану институтының ғылыми жетекшісі Роберт Нигматулин климаттың өзгеруіне мұхиттардың әсері бар екенін атап өтті. Ғалымның айтуынша, жауын-шашынның аз болуы, мұхит деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі ауа райының құбылуына көп әсер етуде. Сондықтан өз сөзінде Роберт Нигматулин аталған проблемаларды бүкіл ел болып шешу қажет екеніне назар аударды.

Конференция барысында тұрақты даму бағыттары бойынша өмір сүру сапасын жақсарту, адам денсаулығын нығайту, энергияны үнемдеу, тиімді институттар құру, технологияларды жетілдіру,  экологияны сақтау, энергетика саласындағы инклюзивті өсу мен энергияны тұтыну, энергетикалық ауысу және цифрлық трансформация мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қалдықсыз көмір технологиялары, сутегі мен атом энергетикасының дамуы, көлік қозғалғыштығы және климаттың өзгеру тақырыптары да қозғалды.

                Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....