spot_img
spot_img

Бейбітшілік — ел тірегі

Бейбітшілік – адамның ең ұлы, ең асыл құндылығы екені сөзсіз. Күллі әлемдегі тыныштықтың, бейбітшіліктің ең басты кілті – сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатия, адами қарым-қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды.Сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағы өткеніне көз жіберіп, ата-бабасының жолынан сабақ алары ақиқат. Сонысымен тарихын бағамдап, келешегін кемелдей түседі. Біз де өткенімізге үңіле қарайықшы. Қазақ халқы да тағдырдың қатал сынын басынан кешті. Бүгінде азат ел атанған, өзін әлем­ге бейбітсүйерлігімен мойындата білген Қазақстан жаһандық татулықты сақтау мен нығайту ісіне атсалысуда. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» дейді ұлы халқымыз. Расында халықтың ынтымағы мен ауызбірлігін сақтау әрқашанда маңызды болып қала бермек. Кешегі бабалар өмірі де мұны бізге сабақ етеді.

Тұрақты даму мүддесіне орай бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлық адамдар үшін сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және оған негізделген мекемелер құру. «Әділетті мемлекет» құру тұжы­рым­дамасының алғы шарты – дұрыс әрі әділ шешім шығаратын сот жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандығын қам­тамасыз ету жұмыстары жыл санап жетілдіріліп келеді. Қара қылды қақ жаратын әділ сот төрелігін жолға қою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Сот жүйесінің дәл қазіргі уақыттағы жеткен басты биігі – халықтың сотқа деген сенімінің артуы. Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды, кәсібін уайымсыз жасап тәртіпке бас иеді. Халық сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды егер сот шешіміне көңілі толмаса бүкіл мемлекетке өкпе қалыптасады.
Сондықтан сот жүйесін одан әрі жетілдірудегі басым бағыттардың бірі және бірегейі соттың ашықтығы, жариялылығы, халық пен сот арасында екіжақты байланысты бекемдеу болып қала бермек.  Яғни соттардың шешімдері әділ болса, қоғамның мемлекетке деген сенімді көзқарасы арта түсері анық. Сот беделі сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиеттеріне байланысты. Әділдікті іздеген әрбір жүгініске судья ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгісін қалыптастыруға міндетті. Сондықтан мемлекетімізде сот жүйесі тек әділдікке негізделуі керек.Судьялардың риясыздығына ешкімнің де күмәні болмауы керек. Ал, бұл судьялардың өздеріне байланысты. Тек осындай жағдайда ғана қазақстандық сот қоғамдағы әділдіктің басты көзіне айналып, халықтың алғысын иеленеді.

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті өз тарапымыздан жоғарыда аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Оқытушылар құрамы студенттермен дөңгелек үстел,акциялар,пікірсайыс т.б өткізуде.Болашақ заң саласының мамандарына қара қақ жарған әділетті болуға шақырамыз. Бүгінде ұлтымыздың басты мақтанышы — өткеннен қалған өнегені үлгі тұтатын, жүрегі ұлтына деген махаббатқа толы жастар десек қателеспейтін болармыз. Елім деп еміреніп, жұртым деп жүрегі соққан зиялы жастар арамызда аз емес. Ендеше, еңсесі биік осы жас буынның басты міндеті — бейбіт те шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа асуларға ұмтылу, елімізді жаңа белестерге жетелеу.

Забих Ш.А

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының доценті,заң ғылымдарының докторы

Абайдельдинов Т.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы, з.ғ.к

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...