Әйелдер колониясының сотталғаны Мәскеуде өткен өнер байқауында жүлделі орын алды

Сотталған Самал Жақееваның өмірі ешқашан шығармашылықпен байланысты болған емес. Алайда, бір күні сурет байқауына қатысып, ол сурет салу өнерін ашты. Сотталғанның айтуынша, ол кейде ғана достарының өтініші бойынша немесе баласына мектепке сурет салған. Жазасын СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің «№50 мекемесінде» өтеп жүрген Самал сүйікті хоббиі-сурет салуды тапты.

Сотталғанның көркемдік шеберлігін байқаған мекеме қызметкерлері оған Мәскеуде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандардың діни қызметін Бүкілресейлік қарау аясында өткізілетін православиелік «Не числом, а смирением» кескіндеме байқауына қатысуды ұсынды. «Христос и мир» майлы бояулармен бейнеленген өміріндегі алғашқы картинасы үшін Самал үш елдің қатысушылары арасында екінші орынға ие болды.

«Мен мекемеге келген соң сурет салуды өзім үйренген суретшімін. Шынымды айтсам, менің суретім көптеген талантты қатысушылар арасында екінші орын алады деп күткен жоқпын. Бұл менің майлы бояулармен бейнеленген алғашқы суретім болды. Мен оған барлық жанымды салдым. Мекеме әкімшілігі мен жасақтағы қыздарының қолдауының арқасында өзімнің өнерімді толық көлемде аша алдым», — дейді Самал.

Мәскеуден тікелей жіберілген жүлделі орын үшін дипломды сотталғанға түрме қызметі жөніндегі епархия бөлімінің басшысы иеромонах Серафим табыс етіп, сондай-ақ бағалы сыйлықтар дайындады.

Дарынды музыкант Батырхан Шукеновтің шығармашылығына арналған концерт аясында сотталған оның бейнесін дәл жеткізе біліп, портретті дайындады. Самал бәрінен бұрын адамдардың портреттерін салғанды ұнататынын, бірақ сонымен бірге пейзаждарда өзін сынап көргісі келетінін айтады.

«Осындай шығармашылығым арқылы мен көркемдік ойлауды, қиялдың белсенділігін, байқағыштықты, сыйымдылықты және есте сақтаудың ұтқырлығын дамытамын. Болашақта сөзсіз өзімнің жаңа сүйікті ісіммен айналысуды жалғастырып, конкурстарға қатысамын», — деп қорытындылады сотталған.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...